Талдықорған колледжінің студенті Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығына арналған байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды

26 Сәуір 2019, 00:00 2886

Талдықорғанда «Өлеңнің өрен жүйрігі» атты қазақ поэзиясының классигі І.Жансүгіровтің шығармашылық бай мұрасын толық меңгерген жас ақындардың облыстық байқауы өтті.

Облыстық байқауға 15-25 жас аралығындағы оқушылар мен білімгерлер, барлығы 28 адам қатысты.

Байқау төрт кезеңде өтті: І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын жатқа білу, берілетін тақырапқа бір немесе екі шумақ өлен шығару, ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы толық білу, жас ақындар жыр құлагері – І.Жансүгіровке арнаған өз өлендерін оқыды.

Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Талдықорған қаласының политехникалық колледжінің білімгері Мадина Тұрдақын жеңіп алды.

Бөлісу: