"Таксимен қайттым". Депутат Дәулет Мұқаев қызметтік көлігі туралы айтты

8 Сәуір 2023, 10:40 1713

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев депутаттарға жеке көлік пен жеке жүргізуші берілмейтінін айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Көбі «депутатта жеке көлік, жеке жүргізуші бар» деп ойлайды. Ал шын мәнінде олай емес. Бізге бір айға 75 сағаттық лимит беріледі. Оның өзінде тек жұмыс бабымен. Жеке өмірің үшін (мысалы, баланы мектепке апару, туған-туысты тасу) пайдалануға рұқсат жоқ. Үйден алып кетіп, жұмысқа алып келеді. Немесе керісінше. Жеткен кезде уақыт есептеледі, жүргізуші берген арнайы қағазға қол қоямыз. Әр депутатқа жеке код береді. Тапсырыс берерде соны айту керек. Ең қызығы, жұмыстан қайтарда ерте тапсырыс бермесең, көлік жетпей қалуы мүмкін. Немесе күту керек. Мысалы, мен өткен аптада сағат 18:10-да тапсырыс бердім. «Алдыңызда 40 тапсырыс бар, күтіңіз»,— деді. Күтпей, таксимен қайттым. Содан бері көмекшім сәл ертерек қоңырау шалып, тапсырыс беріп қоятын болды, - деп түсіндірді ол.

Айтуынша, қызметтік көліктердің маркалары мен жүргізушілер ауысып отырады.

Көлікке келер болсақ, Toyota, KIA көліктері жүреді. Жүргізушілер де ауысып отырады. Нақты бекітілген көлігіміз, жүргізушіміз жоқ, - деді депутат.

EL.KZ
Бөлісу: