Шымкентте такси көлігінен 30 млн теңге тұратын мефедрон психотроптық есірткісі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аса ірі көлемдегі «синтетиканы» қалааралық такси жолаушысы Алматыдан алып келе жатқан. Жігіттің күдік тудырған әрекеттері туралы полицияға жүргізуші хабарлаған.Ал есірткі курьері жақын маңдағы бағдаршам ұсында көліктен шығып, белгісіз бағытта бой тасалаған.
Оқиға орнына жеткен полицейлер ер адамның көліктің жүк салғышында қалған сөмкесінен скотчпен оралған үлкен орама ішінде «ұнтақ» салынған үш пакетті тапты. Сараптама тәркіленген заттың массасы 1,5 кг жуық мефедрон психотроптық есірткі екенін растады деп мәлімдеді қалалық Полиция департаментіндегілер.
Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері күдіктіні Алматы қаласының аумағында ұстады. Ол Түркістан облысының 19 жастағы тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат қамауда. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқи отырыңыз: