Таиланд қазақстандықтар үшін виза режимін алып тастады

22 Сәуір, 15:26 641

Таиланд пен Қазақстан визасыз режим туралы келісімге келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұдан былай Қазақстан азаматтары Таиланда 30 күн бойы визасыз жүре алады.

Таиланд билігі былтыр қыркүйек айынан бастап пилоттық режимде Қазақстан азаматтарын виза алу міндетінен босатқан болатын. Биылғы ақпан айында ол 31 тамызға дейін созылған еді. Енді елдің министрлер кабинеті визаны біржола алып тастауды мақұлдады.

Таиланд туристік басқармасының мәліметінше (ТАТ), былтыр Таиландқа 172 мың қазақстандық барған. Ал биыл бұл көрсеткіш 220 мыңнан асады деген болжам бар.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: