Табиғи газ қорын игеру үшін ұзақ мерзімді стратегия қажет – Олжас Бектенов

Бүгiн, 10:06 211

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов табиғи газ қорының расталған көлемі шамамен 4 трлн текше метрді құрайтынын, оны игеру үшін жүйелі тәсілдер мен жаңа инвестициялар, ұзақ мерзімді стратегия қажет екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда газ күнделкті отын түрінде ғана емес, азаматтарымыздың тұрмыс-сапасына, сондай-ақ экономикамен өңірлердің дамуына тікелей әсер ететін әлеуметтік маңызы зор ресурс.

Мемлекет басшысы газ саласын дамытудың басымдығын бірнеше рет атап өтіп, халықты газбен тұрақты қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңғырту және жаңа кен орындарын барлау жұмыстарын кеңейту бағытында тапсырма берді. Біздің еліміздің көгілдір отын бойынша әлеуеті зор. Табиғи газ қорының расталған көлемі шамамен 4 трлн текше метрді құрайды, – деді Үкімет басшысы.

Үкімет басшысы десе де оны игеру үшін жүйелі тәсілдер мен жаңа инвестициялар, заманауи инфрақұрылым және ұзақ мерзімді стратегия қажет екенін айтты.

Сонымен қатар жер қойнауын зерттеу саласына инвесторларды тиімді тарту үшін ғылыми базаны барынша жаңартып, геологиялық ақпаратты цифрландыру қажет болады. Қазір Өнеркәсіп және Энергетика министрліктері жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын жасап жатыр. Онда мемлекеттік органдардың кәсіпорындармен өзара іс-қимылы жөніндегі бірыңғай терезе мен кен орындарының цифрлық картасы қамтылған, – деді Олжас  Бектенов.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: