Таңдай КЕНЕЕВ: "Сатириктердiң бәрi оппозиционер емес"

31 Шілде 2014, 08:06

Таңдай КЕНЕЕВ,техника ғылымдарының кандидаты, сатирик-жазушы.

Таңдай КЕНЕЕВ,техника ғылымдарының кандидаты, сатирик-жазушы.

Кез келген мекемеге барсаңыз, ондағылар алдымен аты-жөнiңiздi, туған жерiңiз бен туған жылыңызды сұрап алады да ары қарай тергей түседi. Бiз олар сияқты қазбалап жатпаймыз. Бiрақ аты-жөнiңiзге тоқталмай тұра алмаймыз. «Таңдай» деген «оригинальный» атты Сiзге кiм қойған? Құдай бiледi деп айтайын, бұл ат менiң түр-тұрпатым мен кескiн-келбетiме сəйкес келмес едi. Ал Сiзге жарасады...

– Бұл – ұзақ əңгiме. Дегенмен, «штат қысқарту» əдiс-тəсiлiне салып, ықшамдап айтуға тырысайын. Менiң əкем Қанапия – зоо-техник, атбегi, аңшы болған адам. Бiздiң Павлодар облысында қасқыр деген аң баяғыда көп болған көрiнедi. Үйiрiмен келiп, отар қойға шапқанда, қырып кетедi екен. Ол кезде шопандарда мылтық атаулы болмағанға ұқсайды. Əкем «Малға қасқыр шап-ты» дегендi ести сала, үстiне тұлып киiп, өзiнiң «Кенейторы» де-ген атын мiнiп, үйiрдi қуа жүрiп, арланын бөлiп алатын көрiнедi. Содан оны сор, жыңғылға жiбермей, соңынан ерiп отырады. Қасқыр əбден болдырып, жеткен жерiне жата қалатын көрiнедi. Сонда ол қасқырдың айбат шеккенiне пысқырмастан, тұлыпын желбiреткен кезде, арлан етегiнен қабады да, жағы қарысып қалады. Сол сəттi пайдаланған əкей, қасқырды ноқталап, аяғын мықтап байлап, ауылға алып келедi де арланды тiлерсегiнен iлiп қойып, терiсiн тiрiдей сыпырады екен.

Əкемнiң маған дейiн үш ұлы болған. Бiрақ үшеуi де ерте шетiнеп кетiптi. 1946 жылы анам – Рахия маған жүктi болады. Əкей анамды көршi Ақкөл кеңшарында тұратын Əбсағат қожа-ға алып барып, бата сұрайды. Сонда Əбсағат қожа: «Сəуiрдiң басында, таң атып келе жатқанда дүниеге аппақ, торсықтай бала келедi. Атын «Таңдай» қойыңдар. Ол баланы үш жасқа дейiн өздерiң асырамаңдар. Туысқан емес адамға берiңдер. Сəби жетiм баладай болып өссiн. Қанапия, сенiң алдыңғы үш балаңа көз тиген. Бұл – бiр. Екiншiден, сен қасқырды тiрiдей союды қой! Оны да Құдай жаратқан. Көкбөрi – бiздiң аталарымыз. Ол – қасиеттi де киелi аң. Сенi сол көкбөрiнiң киесi жiбермей жүр. Сұрапыл соғыстан аман-есен келдiң. «Ұрпағым өссiн» десең, осы айтқан ақылымды ал» дейдi. Көп ұзамай, дүниеге мен ке-лiппiн. Ата-анам көп ойланбастан, менi жер аударылып келген ағалы-қарындасты Андрей, Фрида деген немiстерге бағуға бередi. Сөйтiп, мен Фриданың бауырында өсiппiн.

Бəсе, Сiздi кiмге ұқсатарымызды бiлмей жүрушi едiк. Түр жоқ, түс жоқ, бозарасыз да жүресiз. Бойыңыздан немiс халқына тəн жақсы қасиеттер байқалады.

– Көпшiк қоя мақтағаныңа марқайып қалдым. Рақмет. Бiрақ мұндай қадiр-қасиет барлық ұлттар мен ұлыстарға ортақ деп ойлаймын.

Əрбiр адам қоғамнан тысқары өмiр сүре алмайтыны белгiлi. Осы тұрғыдан қарағанда, соңғы кезде Сiздi қандай мəселелер толғандырады?

– «Қазақстан» деген ұлы елде тұрып, басқа тiлде сөйлеп, мем-лекеттiк тiлдiң мəртебесi туралы өзге халықтың алдында кiнəлi адамдай жалтақтайтынымыз жаныма батады. Қазақстанның мол байлығынан, құнарлы жерiнен қарапайым халықтың тыс қалуы да алаңдатады. Бiлiм саласындағы бiтпейтiн реформа. Осы уақытқа дейiн осы салада 15 министр ауысты. Бəрi де өз командасымен, өз реформасымен келедi. Оқушылар мен сту-денттерге обал болды. «Зиялы» деп жүрген қауымның басылым беттерiндегi айтыс-тартысы да көңiлге кiрбiң ұялатады.

Сiз Қаныш Сəтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетте бiрнеше жыл бойы проректор болып қызмет атқардыңыз. Техника ғылымдарының кандидатысыз. Соған қарағанда Сiз гуманитарлық бiлiм алмаған сияқтысыз. Са-тираға қалай адасып келiп жүрсiз?

– Мен – Қаныш Сəтбаев атындағы Ұлттық техникалық уни-верситеттi бiтiрген адаммын. Табиғаттың берген бiр қасиетi болар, əйтеуiр мен сатира жазуға бейiм болдым. Ал осы салада сенiмдi түрде қалам сiлтеуiме Көпен Əмiрбектiң əсер-ықпалы болғандығын айта кеткенiм абзал. Баяғыда «№96 – веселый» деген пойыз болатын. Сол пойызбен Көпен Шəуiлдiрге, ал мен Шорнаққа бара жатқан болатынмын. Көпеннiң жанында дос-тары Шөмiшбай Сариев пен Ибрагим Иса бар. Əңгiмелерiне қарағанда, үшеуi отбасыларымен бiрге Көпеннiң ауылына бара жатқанға ұқсайды. Бəрiмiз сол пойызда танысып, түнiмен əңгiме-дүкен құрдық. Көпен қоштасып тұрып, сатиралық туындыларымды редакцияға əкелiп тастауымды өтiндi. Ол кезде Көпен «Ара» журналында қызмет iстейтiн. Содан, жазған-сызған дүниелерiмдi Көпенге апарып берiп тұрдым. Оларым «Ара» журналында дүркiн-дүркiн жарияланып жатты. Сөйтiп, мен сатирик болып шыға келдiм. Негiзi, өнер адамдары қызғаншақ келедi. Əрiптестерiнiң өсiп бара жатқандығын көре алмайды. Ал Көпенде ондай пендешiлiк жоқ.

Ең алғашқы туындыңыз есiңiзде ме? Ол қай басылымда жарық көрдi?

– Менiң тырнақалды туындым, «Əй, Тастыгүл-ай» деген атпен «Қазақстан əйелдерi» журналында жарияланды. Одан кейiнгi шығармаларым «Көңiлдi көшенiң жiгiттерi» атты ұжымдық жинаққа ендi.

Жазушылар көп, сатириктер аз. Оның себебi неде жəне сатира жазу үшiн ол қаламгердiң бойында қандай қабiлет-қасиет болуы керек?

– Бұл жанрда жазатын адамның бойында Тəңiр берген ерекше сыйы болуы қажет. Ол – қазақтың даласындай кеңпейiлдiлiк, жақсылық пен жамандықтың, жетiстiк пен кемшiлiктiң ара жiгiн ажырата бiлу, сосын оны белгiлi қалыпқа салып, сатира тiлiмен оқырманға жұп-жұмыр етiп жеткiзе бiлуден тұрады. Сондай-ақ, сатирикке тəн уытты тiл, қырағы көз болуы шарт. Сонда ғана ол романға жүк болатын тақырыпты үш-төрт беттi туындыға айналдыра алады. Ал бұл кез келген қаламгердiң қолынан келе бермейдi. Көп жазушылардың сатира ауылынан айналып жүретiнi сондықтан. Бiздiң қоғамда «Сатириктердiң бəрi оппозиционер» деген ұғым бар. Бұл – қате пiкiр. Сатирик қоғамды сынаса, сол қателiктер мен кемшiлiктер түзелсе екен» деген игi ниетпен, жанашырлықпен айтады.

Қазiргi сатираның жай-күйi туралы не айтасыз? Сiздi не алаңдатады, не жетпейдi?

– Қанша жерден «Баспасөз бостандығын алдық» дегенiмiзбен, əлi де болса, ауызға қақпақ болатын кедергiлер көп. Соған қарамастан, бiз айтып та, жазып та жүрмiз. Бiрақ оны тыңдайтын құлақ жоқ. Бiздiң парламенттегiлердiң тiлi бар, құлағы жоқ сияқты көрiнедi маған. Олар айтылған нəрсенi iлiп кетiп, содан қорытынды шығара бiлмейдi. Тiптi, ол түгiл, өздерi шығарып отырған заңның орындалуын бақыламайды. Осындай бей-жайлықтың тек жанр емес, қоғам дамуына да керi əсерiн тигiзетi-нi даусыз.

Сiз ғалым адамсыз. Шығармашылығыңыз ғылымға немесе ғылымыңыз шығармашылығыңызға керi əсерiн тигiзбей ме?

– 2004 жылы бiздiң университеттiң 70 жылдық мерейтойы болды. Осы торқалы тойдың қарсаңында мен «Қос iшек» деген жинақ құрастырып шығардым. Ол жинаққа осы техникалық университеттi бiтiрген өнер адамдарының шығармалары енгi-зiлдi. Олардың қатарында ақын-жазушылардан – Евней Буке-тов, Iлияс Есенберлин, Иранбек Оразбаев, Медеу Сəрсекеев, Шəмшидин Əбдiраманов, Қасымхан Бегманов бар. Ал əншiлер-ден атақты «Досмұқасан» ансамблiн айтсақ та жеткiлiктi. Қарап отырсаңыз, бiздiң университет түлектерiнен 10 Жазушылар одағының мүшесi, 1 Суретшiлер одағының мүшесi, 1 Компози-торлар одағының мүшесi, 1 Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты шығыпты. Осыған қарап-ақ, екi сала домбыраның қос iшегiн-дей бiр-бiрiн толықтырып тұратынын байқайсыз.

Əңгiмеңiзге рақмет

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, «Ағынан жарылсақ» 

Бөлісу: