Тұңғыш президент күніне арналған флешмоб

27 Қараша 2014, 12:17

Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институтында «ТарМПИ жастары Елбасымен бірге!» атты флешмоб акция өтті.

     1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институтында «ТарМПИ жастары Елбасымен бірге!» атты флешмоб акция өтті. Мерекелік шараға оқу орнының 4000 мыңнан астам студенті қатысты. Бұл туралы аталмыш институттың баспасөз қызметі хабарлады. 

Шара барысында концерттік бағдарламалар және Елбасының өмір жолынан хабар беретін бейне фильм жұртышылық назарына ұсынылды. Жиында институт ректорының тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Орынқыз Жолдасова сөз сөйлеп, атаулы күннің мән-маңызына тоқталып өтті. «Бұл – тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырма үш жыл бұрын, яғни 1991 жылғы 1 жел­тоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, сан ғасыр­лар бойы киіз туырлықты қазақтың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата-ба­ба­лары­мыз­дың тарихи аманаты орындалды»  – деді О.Жолдасова. Сондай-ақ,  оқу ордасының алаңында студенттер флешмоб ұйымдастырып, өнерпаздар мерекелік концерт тарту етті. Егемендік, елбасы турасындағы ұран сөздер жазылған шарлар мен Бейбітшіліктің символы болып табылатын көгершіндер аспанға ұшырылды. 


Жандар АСАН

Бөлісу: