Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған патриоттық акция

18 Ақпан 2016, 05:13

Патриоттық акция

Ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығы құрметіне орай бастау алған әлеуметтік желілердегі аватарды патриоттық нақышта безендіру акциясын көптеген отандастарымыз қолдап, белсенді атсалысуда.

Бүгінгі таңда жоба аясында 34 140 пайдаланушы  қазақстандық әлеуметтік желілерде аватарларын мерекелік нақышпен безендірілген аватарларға ауыстырып үлгерді.

     

Қазақстанда 18 ақпан күні ел Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр» атты патриоттық интернет-акция басталды. Акция Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялық қызметі алаңында 10 сағат 25 минут 25 секундта бастау алды. 25.el.kz. әлеуметтік сервисінің көмегімен барша әлеуметтік желілердің қолданушылары өз аватарларын бір сәтте мерекелік, патриоттық нақышпен безендірілген аватарға ауыстырады.

 

Жобаға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялық қызметі, «Хабар» агентттігі, НТК «Қазақстан», АО «Қазмедиа Орталығы», АО «Қазконтент», Ortcom.kz, BNews.kz. Nur.kz, El.kz порталдары ақпараттық қолдау көрсетіп отырғанын айта кеткен жөн. 

Бөлісу: