Тәуелсіздік күніне орай марапатталды

12 Желтоқсан 2019, 18:23 3418

Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, шығармашыл және ғылыми зиялы қауым өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық және мемлекеттік наградаларымен марапатталды.


«Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздік орнаған күн – еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі. Бұл мереке – ұлан-байтақ Қазақстанды мекен еткен барша жұртты бауырластыра түсетін, оларды Отанымыздың өркендеуі үшін жұмылдыра түсетін айтулы дата. Осы күн қарсаңында экономиканың әр саласында қолға алған бастамалардың нақты іске асуы, биік нәтижелерге қол жеткізілуі, жобалардың ел қуатын арттыруға қосқан үлесі туралы есеп беріліп жатады. Бұл – Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан дәстүр. Сондай-ақ, заңмен ұлттық мереке деп жарияланған бұл күні ерен еңбегімен, ғажайып өнерімен, толағай табыстарымен ерекшеленген азаматтарымызды марапаттау да дәстүрге айналған», - деді шараға қатысушыларды Тәуелусіздік күнімен құттықтаған Жансейіт Түймебаев.


Жансейіт Қансейітұлы қоғамның түрлі салаларында елеулі еңбек сіңірген азаматтарды «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен» марапаттады.

Сондай-ақ, меценаттық және қайырымдылық қызметті дамытуға сіңірген еңбегі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» және «Мейірім» төс белгілері тапсырылды. Бірқатар азаматтар Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды.


«ҚҰРМЕТ» орденімен марапатталғандар:

А.Долкунтай, «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі

А.Войнце, «Қазақстан дүнгендерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Т.Каримов, Қазақстан татарлары мен башқұрттарының конгрессі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:

Х.Ерсеитова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары

А.Сәдуақасова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі


«Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бiрлiк» алтын медалiмен» марапатталғандар:

З.Абашидзе, Грузияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Р.Абдусаламов, «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының басшысы

С.Әбдіқалықова, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Баспасөз хатшысының орынбасары

Т.Әбдірахманов, «Самұрық-Қазына Контракт» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары

М.Бекбаева, «Kazakh TV» телеканалының директоры

Е.Бекхожин, «Хабар Агенттігі» Акционерлік қоғамы Басқармасының төрағасы

Р.Беремқұлова, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары

Т. Жұмырбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары

Б. Есбергенов, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің сектор меңгерушісі

М.Ескеева, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры

Ш.Жаркынбекова, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры

Л.Құсайынова, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі

Д.Қыдырәлі, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы

Д.Қыдырбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы

Х.Маслов, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі

Р.Махпирова, Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік бөлімінің басшысы

Ү.Мұңалбаева, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры

М.Мұсабеков, «Албан Эксчейндж» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы

С.Ниязходжаев, Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

А.Омаров, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры

М.Оспанов, Алматы локомотив пайдалану депосының бастығы

О.Өксікбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Н.Паттеев, «САҚ» киностудиясының директоры

В.Пащенко, «Казахстанская правда» республикалық газеті» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

А.Пириев, Нұр-Сұлтан қаласы «Ахыска» Түрік этномәдени орталығының төрағасы

Т.Розметова, Атырау облыстық мәслихатының депутаты

Г.Сағидолла, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры

М.Споткай, Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы

Ұ.Сүлейменова, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы


Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төс белгісімен марапатталғандар:

Е.Төлегенов, «ҚАЗПРОФТРАНС»-«ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясының төрағасы

«Мейірім» төсбелгісімен марапатталғандар:

Н.Айдашев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы

С.Әліпбай, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы

Р.Кертаев, «Хабар Агенттігі» акционерлік қоғамы Басқарма Басшысының бірінші орынбасары

Б.Омаров, «Хабар-24» телеарнасының бас редакторы

Э.Сүлейменова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры

А.Тасболатов, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы

Қ.Тоқсанбай, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы

Т.Төлеубаева, Қазақстан Республикасы Іс Басқармасының мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны асханасының Өндіріс меңгерушісі

Н.Шаймерденова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры


Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

Н.Горст, «СГА-Astana» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

З.Муханзаева, «Юнчи» дүнген этномәдени орталығының төрайымы

А.Огаев, «Invest building KZ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

Н.Шиврина, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі

Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталғандар:

Н.Абдрахманова, Нұр-Сұлтан қаласы «Дуслык» татар білім беру мәдени орталығы басқармасының және «Ак калфак» әйелдер кеңесінің мүшесі

А.Айрих, Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысы «Возрождение» немістер қоғамының басқарма мүшесі

Г.Қаламбаева, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы «Рухани жаңғыру» мәдени орталығының менеджері

Г.Рахметова, Нұр-Сұлтан қалалық сотының судьясы

Е.Шварц, Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысының «Возрождение» немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі құрылтайшыларының мүшесі


Нұргүл Қалиева
Бөлісу: