28 Тамыз 2014, 12:05
Кез келген бизнесте бар мәселе – пайдаланушыларды сайтта ұстап қалу, олармен коммуникацияны дұрыс орнату. Кейде келушілер сайтта екшқандай әрекет етпей кетіп қалып жатады. Тұтынушымен әрдайым байланыста болу үшін оған уақыт бөлу керек. Сонымен қатар әртүрлі құралдар арқылы оларды әрекетке қосып отыру маңызды. Сайттағы онлайн-чат, жарыстар, арнайы қосымшалар, сұрақтар және т.б. болу мүмкін. Сайттағы бар элементтер қаншалықты қызық, әрі ыңғайлы болған сайын адамдар онда ұзаққа қала береді. Уақыт өте келе көбірек адамдар коммуникацияға қосылады.
Тұтынушылармен байланыс орнатуда негізгі теория бар. Гери Чепменнің махаббатың 5 тілі. Олар: назар аудару, мақтау, сыйлық, тактилді байланыс, уақыт. Интернет арқылы тактильді байланысты орнату мүмкін емес. Бірақ жоғарыда аталғандардың қалғандарын орындау әбден мүмкін.
Сыйлық – купон, екінші затты тегін беру, тегін консультация, құнды сыйлығы бар жарыс.
Мақтау – бизнес үшін жекелеген тұтынушының маңызды екенін көрсету. Ол сайт, не өнім туралы ақпарат қалдыру секілді жанама әрекеттер.
Назар – ол клиенттермен сөйлескеде байқалатын қасиет. Сыпайы сөйлесіп, туындаған сұрақтарын шешу үшін уақыт бөлу.
Уақыт – сайтқа кірішу адамның сайтқа кіргендегі уақытын үнемдеу. Олардың уақытын бағалау және қызметтерді уақытылы көрсету.
Жұмысты интроверттермен істеу керек. Олар коммуникацияға түскенде екінші рөлді ойнайды. Туындаған мәселе бойынша сұрақ қойып, менеджерлерге бірінше болып жолықпайды. Проблеманы өздерімен бірге алып кетеді. Сол себепті интроверт адамдарға хабарласып, мәселелерін шешуге тырысу керек. Сонда ғана көпшілік аудиторияны сайтқа кіруге мотивациялайды. Бастысы, адамдардың басты назарда екенін көрсету керек. Ең жаманы, өнім ешқандай пікір, ой қалдырмаса. Олар эмоция тудыра алуы керек. Тауар немесе қызмет туралы айтар пікірінді ашық айтуға мүмкіншілік беру керек. Сонда коммуникация каналы ашылады.
Сауалнамалар бизнесті құрауда үлкен орын алады. Себебі, тұтынушының пікірін білу маңызды. Сайтты бағалау, сапасын арттырып, бар кемшіліктерді азайту үшін керек. Компания мен клиент арасындағы байланыстырушы көпір бола алады. Қойылатын сұрақтар мен олардың санын өзіңіз таңдайсыз. Бірақ олар тым көп болып кетпеуі керек.
Тұтынушылар үшін арнайы ұсыныстар дайындау. Бизнес модельді жасағанда ең керекті бөлшек. Клиентке жасалатын арнайы сыйлық. Теория бойынша адамдар сыйлық алғанды жақсы көреді, қандай сыйлық болмаса да. Бірақ бизнес өскенін ойласа, жақсы сыйлықтар мен ұсыныстар жасау керек.