Түркияда шахтада жарылыс болды

15 Қазан 2022, 10:17 1284

Жарылыстан 25 адам мерт болған

Түркияның Амасра қаласында шахтада жарылыс болып, 25 адам мерт болды, деп хабарлайды Анадолу агенттігіне сілтеме жасап El.kz.

Елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджаның келтірген мәліметіне сай, Амасра қаласындағы шахтада болған жарылыстан 25 адам мерт болған. Ал 11 адам дәрігерлердің бақылауында.

«Өкінішке қарай, Батын провинциясында болған апаттан 25 адам қаза болды. 11 адам ем алып жатыр. Оның біреуі ауыр хәлде, 4-еуі жансақтау бөлімінде жатыр. 6 шахтер ұшақпен Стамбул қалалық ауруханасының күйік шалған адамдарды емдейтін бөліміне жеткізілді», - делінген министрдің әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында.


Бөлісу: