Түркістандағы ардагерлер хоры «Мен қазақша сөйлеймін» акциясына қолдау білдірді

9 Қараша 2018, 02:45 1718

Түркістан облысының ардагерлер хоры «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясына белсене қатысып, қолдау білдірді.

Іс-шара барысында ардагерлер қазақ тілінде ән шырқады және барлық қазақстандықтарды «Қазақша сөйлеймін» атты республикалық акцияға  белсене қатысуға шақырды.

Ардагерлер хоры 1975 жылы құрылған. Жетекшісі – Ольга Салангина, концертмейстері - Татарстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Рамил Мубараков.

Хор репертуарында фольклор, шіркеу, түрлі ұлттардың, соғыс жылдарындағы әндер бар. Хор құрамында қазақ, корей, орыс, украин, татар, неміс, белорус, грек ұлттарының өкілдер бар.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ағымдағы жылдың 29 қазанында еліміздің барлық өңірлерінде «Мен қазақша сөйлеймін» атты республикалық акция өтуде.

Акцияның мақсаты - қоғамдағы мемлекеттік тілдің беделін арттыру, қазақ тілінің мәдениетін жоғарылату, азаматтарды мемлекеттік тілді үйренуге тарту, қазақ тілін білетін және олардың жетістіктерін насихаттайтын азаматтарға қолдау көрсету.

Бөлісу: