Түркістан түгел түркінің туристік астанасы болуы мүмкін

5 Шілде 2022, 03:45 2050

Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев 2023 жылы Түркістан қаласы түркітілдес елдердің туристік астанасы болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды EL.KZ Егемен Қазақстан газетіне сілтеме жасап.

Түркістан - еліміздегі туристік қарқыны жоғары өңірлердің бірі. Қаланың инфрақұрылымы жыл санап дамып келе жатыр. Түркістанға көліктің барлық түрі барады. Бүгінде бұл қалада республикалық және халықаралық айтулы іс-шаралар өтіп жатыр. Әзербайжанда өткен түркітілдес елдердің туризмге жауапты министрлерінің кездесуінде Қазақстан 2023 жылы Түркістан қаласын түркітілдес елдердің туристік астанасы етіп жариялауды ұсынды. Биыл түркітілдес елдердің туристік астанасы – Баку, - деді Ержан Еркінбаев.

Вице-министрдің айтуынша, биыл Түркістанға туристерді тарту мақсатында бірқатар ауқымды шаралар өткізіледі.

Жыл соңына дейін жоспарланып отырған іс-шаралардың форматы әртүрлі. Оның ішінде мәдени, туристік, спорттық, ойын-сауықтар, тағы сол сияқтылар бар, - дейді ол.

EL.KZ
Бөлісу: