Түркістан облысында алкоголь шығаратын жасырын екі цех анықталды

2 Маусым 2022, 17:23 1649

baq.kz

Түркістан және Шымкент қалаларында алкоголь өнімін шығаратын екі жасырын цех анықталды, деп хабарлайды El.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері жалған есепке алу-бақылау таңбаларын қолданып алкоголь өнімін шығаратын 2 цех қызметін тоқтатқан.

«Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан және Шымкент қалаларында жалға алынған қоймаларда антисанитария жағдайында суррогат алкоголь өнімін өндіретін 2 жерасты цехы ұйымдастырылғаны анықталды», - делінген хабарламада.


Бөлісу: