«Түркістан Арена» халықаралық УЕФА категориясын алды

11 Шілде 2022, 12:30 1531

Түркістан стадионында УЕФА лигасының матчтары өтеді

«Түркістан Аренада» жүргізілген инспекция қорытындысы бойынша УЕФА аталған стадионға халықаралық II дәреже беру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды El.kz Қазақстан Футбол Федерациясына сілтеме жасап.

Түркістан стадионы келесі матчтарды қабылдай алады:

– УЕФА Чемпиондар лигасы, УЕФА Еуропа лигасы және УЕФА Конференция лигасының 1, 2, 3 іріктеу кезеңдерінің ойындары;

– Жастар құрамалары (U-21) арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;

– 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;

– Әйелдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері.

Бөлісу: