Түркістан облысында оқушылар арасындағы жанжалдан оқушы қаза тапты

15 Қыркүйек 2022, 13:35 989

Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда

Түркістан облысында оқушылар арасындағы төбелес адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды  El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полицияға Кентау қаласының маңындағы ауылдардың бірінен пышақ жарақатын алған жас жігіттің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Ол кәмелетке толмаған, жергілікті тұрғын, 10-сынып оқушысы болып шықты. 

Анықталғандай, түн ортасында екі ауылдың жасөспірімдері арасында тұрмыстық негізде жанжал туындаған. Төбелес соңғы адам өлімімен аяқталған. Оқиаға күдікті ретінде көрші ауылдың тұрғыны анықталып, ұсталды. 

Бөлісу: