Іс-шараға ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова да қатысты.
Кездесу барысында А.Әбдікәрімов Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның қазан айына жоспарланған Қазақстанға сапары екі елдің қарым-қатынастарын одан әрі дамытуға серпін беретінін атап өтті.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда ҚР ҰЭМ серіктестермен бірлесіп Қордың құқықтық базасын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Сонымен қатар, қазақстандық тарап құрылатын қор қаражатын басқару және келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тетігі бойынша тұжырымдамалық тәсілдерді пысықтауда.
Тараптар аталған халықаралық қаржы ұйымын құру өңірлік сауданы кеңейту және экономикалық қызметті қолдау арқылы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің экономикалық дамуына жәрдем көрсетуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.