Тұрғын үйге онлайн кезекке тұру

17 Тамыз 2022, 09:28 9052

Ол үшін тек ЭЦҚ керек

2022 жылдың ақпанынан бастап тұрғын үйге кезекке қою тәртібі өзгерді: бұдан былай оны eGov.kz порталы арқылы онлайн жасауға болады, – деп хабаралайды El.kz. Ол үшін тек ЭЦҚ керек. Басқа бір де бір құжат қажет емес, себебі оның барлығы базада тұр.

Кезекке тұру үшін өтінішті қалай беру керек

І қадам. Дайындық

Алдымен ЭЦҚ-ны дайындап алыңыз (оны Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан немесе онлайн алуға болады).

«Азаматтарға арналған үкімет» порталының үздіксіз жұмыс істеуі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату керек:

Java (көшіру);

NCALayer (көшіру).

ІІ қадам. Қызметті таңдаңыз

1. eGov.kz порталына кіріңіз.
2. ЭЦҚ арқылы тіркеліңіз.
3. «Жылжымайтын мүлік» қызметін таңдаңыз.
4. Ұсынылған тізімнен «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» қызметін таңдаңыз.
5. «Онлайн сұратым».
6. «Кезекке қою» қызметін таңдаңыз.

ІІІ қадам. Ашық жолдарды толтыру

Әрі қарай ашық жолдар пайда болады, ол жерге телефон нөмірін, электронды поштаңызды, ЖСН көрсетесіз. Әрі қарай тізімде ұсынылғандардың арасынан өзіңізге қажетті категорияны таңдайсыз.

IV қадам. Өтінімді толтыру

ЭЦҚ кілті арқылы өтінішке қол қойыңыз.

Осыдан соң экранда «Өтініш толтырылды және жіберілді» деген терезе пайда болады.

Қаралу күні – күнтізбелік 30 күн. Өтініш мәртебесінің өзгеруін жеке кабинеттегі «Көрсетілген қызметтер тарихы» бөлімінен біле аласыз.

Өтініштің кезекке қойылғаны (кезек нөмірі көрсетіледі) немесе кері қайтарылғаны туралы жауап SMS ретінде өзіңіз көрсеткен телефон нөміріне келеді.

Автор: Сауле Сарбасова

EL.KZ
Бөлісу: