2022 жылғы шілдеде 2021 жылғы шілдемен салыстырғанда ҚР-дағы қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 26,4%-ға, ал жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 19,6%-ға өскен, деп хабарлайды El.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баға индекстері облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша іріктемелі байқау деректері негізінде қалыптастырылады
2022 жылдың шілдесінде тұрғын үйді жалға алу ақысы өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 20,8%-ға артқан.
Өңірлік бөліністе жаңа салынған тұрғын үйлер нарығындағы баспана жылдық мәнде Ақтөбе қаласында – 32,5%, Нұр-Сұлтан қаласында – 27,6%, Өскеменде 26,1% қымбаттады.
Қайталама нарықтағы баға өсімі бойынша көшбасшылар – Қызылорда (44%), Өскемен (43,7%), Талдықорған (43,4%) және Нұр-Сұлтан қалалары (41,3%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында – Алматы қаласы (47,2%).