Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ: "Сiрә, мен өлең жазуды қойған күнi өлетiн шығармын"

31 Шілде 2014, 07:04

Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ, Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы мемлекеттiк және Бүкiл түркi дүниесi жазушыларының Физули атындағы сыйлықтарының лауреаты:

Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ, Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы мемлекеттiк және Бүкiл түркi дүниесi жазушыларының Физули атындағы сыйлықтарының лауреаты.

Əдебиет табалдырығын «бала Тұманбай» болып ат-тап, бүгiнде «Тұмаға» атанып, төрге оздыңыз. Дуалы ауыз, зиялы қауым өкiлi ретiнде қазiргi қазақ поэзиясы туралы ойыңызбен бөлiссеңiз.

– Бүгiнгi қазақ өлеңi бiз көтерген биiктен төмендеген жоқ. Та-лантты iнiлерiмiздiң алды 50-ге келiп жатыр. Нұрлан, Темiрхан, Ұлықбектер – бiздiң соңымыздан келе жатқан талантты буын өкiлдерi. Бiз деп отырғаным – мен, Сағи, Қадыр, Шəмiл, Еркештер. Мен бұл жерге Ғафу мен Iзтайды қосып отырған жоқпын. Олар – ұстаздар. Талантты ақындардың бəрiнiң атын атағым келмейдi. Бiрiн атасаң, бiрi ренжiп қалады. Əйтпесе, Иран-Ғайып, Несiпбек Айтұлы, Жарылқасын Аманов немесе елуге келiп, ел таныған Рафаэль Ниязбековтердi атауға болады. Бұлардың барлығы – өлең өлкесiне өз туларын тiккен жiгiттер. Тiптi, кеше жас ақын-қыздардың өлеңдерiн оқыдым. Қарап отыр-саңыз, бəрiнiң өлең мəдениетi өте жақсы. Ал ендi олар ертең қандай болып шығады? Оны уақыттың өзi екшеп алады. Жалпы, қазақ əдебиетi өзiнiң даңғыл жолымен жақсы келе жатыр.

Тырнақалды туындыңыз – «Студент дəптерiнен» бастап, күнi кеше «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген он төрт томдық шығармалар жинағыңызға дейiн елуден аса кiтаптарыңыз баспа бетiн көрдi. Осылардың iшiнен өзiңiзге ең ыстық жинақ, я болмаса шығармаларды атап бере аласыз ба?

– Қазақта «Қарға баласын аппағым» дейдi деген сөз бар ғой. Қай шығарманы алсақ та оған күш-қайрат жұмсалып, маңдайтер төгiлдi. Дегенмен, «Студент дəптерi» – менiң атақ-абыройымды көтерген кiтап. Содан кейiн бiраз поэмалар жазамын деп төмендедiм. Оны кезiнде əдебиетшiлер, сыншылар айтып та, жазып та жүрдi. Негiзi, менi сынамаған адам аз. Сол «Студент дəптерiнен» кейiн «Зулайды күндер» атты жинағым шыққанша, сын мен ескертпелердi көп естiдiм. Содан кейiн аса бiр шалқар шабытпен шыққан биiгiм осы – «Зулайды күндер». Онымен iлесе «Жүрегiм менiң сапарда» деген жинағым шықты. Осы екi кiтабым маған ерекше ыстық көрiнедi. Сосын «Жаңа дəптер» атты кiтабым комсомолдың сыйлығын алды. Ол кiтап та менiң көңiлiме аса ұнайды. Одан кейiнгi бiр биiгiм – «Жүректегi жа-зулар» едi. Оған 1982 жылы Мемлекеттiк сыйлық алдым. «Ма-хаббат аты сөнбейдi» атты кiтабым да жаныма жақын жинақ. Бұл туралы əрiптестерiм жылы пiкiрлер айтты. Негiзi, отыздан кейiн адамның ойы толысып, өзiңе-өзiң сыншы бола бастайды екенсiң. Жаңа он төрт том туралы айтып қалдың, менiң əлi оған кiрмеген өлеңдерiм бар. Егер бəрiнiң басын жинақтасам, одан да көп болар едi.

Сонда Сiздiң есебiңiзше неше том болар едi?

– Таза өлеңдерiмнiң өзi 17 – 18 том болса, аудармалармен қосқанда 20-дан асып жығылатын болар. Бiрақ көптомдықтың алғы сөзiнде жаздым. Оған енген шығармалардың iшiнде өзiм меңгере алмаған, айта алмаған тақырыптар болды. Əсiресе, алғашқы жинақтардағы өлеңдерiмде көрiнiп тұр. Соларды көптомдыққа кiргiзбей-ақ қойса да болады екен. Жалпы, «мен ақындықта үнемi биiкте болдым» десем, оған ешкiм сенбейдi. Бiр күннiң өзiнде адамда əртүрлi көңiл-күй болады ғой. Сол сияқты өлеңде де жоғарылап, төмендеп отыратын кезеңдер болады. Кей-де «Мына өлеңiм жақсы шықты. Қатырып жаздым» дегенiңнiң өзi бiраз күн өткен соң жəй ғана қоңыртөбел дүние екенiне көзiң жетедi. Өзiме қатты əсер еткен шығармам – Мұқаш неме-реме арнаған поэма iспеттес туындым. «Сол аса бiр шабытпен жазылған дүние екен-ау» деп қалдым. Əруақытта жазушының ең соңғы шығармасы өзiне ыстық көрiнiп тұрады.

Сiз атақ-дəрежеден кенде болмаған қаламгерсiз. Мұның бəрiн талант-дарыныңызбен алғаныңызға күмəнiмiз жоқ. Дегенмен, əлi де «мен алмаған асу, мен шықпаған шың бар» деп ойлайсыз ба?

– Жас кезiңде «сыйлықтар алсам екен-ау» деген ой болады. Менiң замандастарым – Қадыр, Жұмекен, Əнуарлар комсо-мол сыйлығын алып жатқан кезде, артынша мен де алдым. Қадыр менен 3 – 4 ай үлкен. Əрi оның аты дүркiреп тұрған кезi ғой. Оның сол тұста шыққан «Ой орманы» деген жинағы қазақ поэзиясындағы үлкен құбылыс болды. Жұмекеннiң де шығармалары бiрiнен-бiрi терең, көркем дүниелер. Осы құрдастарымнан кейiн сыйлық алғанымды мақтаныш көремiн.

Бiреудiң озғанын, бiреудiң бақытын қызғанып көрген емеспiн. Өнер де, өлең де бəйге емес. Дəл қазiр «бiр сыйлық алсам екен» деген пиғыл ойыма келмейдi. Ендiгi мақсатым – жазған-сызған шығармаларымның қызығын көру. Елiмiз егемен ел болды. Сол тəуелсiз елiмнiң өркендегенiн көрсем деймiн. Өзiмнен өсiп-өнген ұрпақтарымның, жалпы тəуелсiз елiмiздiң жас өркендерi үлкен азамат болып қалыптасқандарын көргiм келедi. Алла соған жеткiзсе деген тiлекпен жүремiн.

Жетпiске демiкпей, алқынбай, желiп жүрiп жеңiл жеттiңiз. Жазудан жалыққан жоқсыз ба?

– Сiрə, мен өлең жазуды қойған күнi өзiм де өлетiн шығармын. Мен қазiр тiптi бұрынғыдан да өндiре жазып жүрмiн. Түннiң бiр уағында оянып, ойыма келген өлеңдердi түртiп қоямын. Шынымды айтайын, «Ойпырым-ай, күнiм өтiп бара жатыр ма екен?» деп те қорқамын. Бұрынғы желiгу, жай жүрiстер жоқ. Қазiр ойланатын уақыт. «Ақын» деп басына көтерген елiмнiң көңiлiнен шықсам деймiн.

Қазiр не жазып жүрсiз?

– Мен 1935 жылы көкек айында туыппын. Бiрақ бiр ағамыз құжат толтырғанда «Наурыз» деп жазып жiберiптi. Содан туған күнiмдi наурызда тойлап келе жатырмын. Келер жылдың науры-зында жетпiске толамын. Соның қарсаңында жаңа өлеңдерiмдi 1 – 2 том етiп жарыққа шығарсам деген ойым бар. Оларды елге ұялмай ұсына аламын.

Сiз арнау өлеңдердi көбiрек жазған ақынсыз жəне олар-ыңыз өте сəттi шығып жатады. Мұндай арнауларды жаза алмайтын, тiптi жазбаған ақындар да бар. Сонда мұның сыры неде?

– Ең алғашқы арнау өлеңiмдi бiр жыр кешiнде оқыдым. Соны тыңдаған белгiлi жазушы Тахауи Ахтанов: «Тұманбай, сен осы арнау өлеңдерiңдi дамыта бершi. Бұл – ода емес. Бұл адамның шығармашылық келбетiн жасайтын дүние екен» дедi. Сол сөз маған қанат байлады. Содан берi тұрақты түрде жазып келемiн. Негiзi, арнау өлең жазу үшiн кейiпкердi жақсы бiлу керек. Сол адамды жақсы көруiң қажет. Жақсы көрмеген, бiлмеген, тебiренбеген жерде өлең де, шығармашылық та жоқ. Сондықтан кiмге арнау арнасам да оны жан-жақты танып, сүйiп, құлай берiлiп арнаймын. Кейде көрмеген, бiлмеген жас жұбайларға да арнау өлең жазатыным бар. Ондай кезде жастарға жалпы тiлек айтамын. Кейбiреуi орташа, кейбiреуi сəттi шығып жата-ды. Əйтеуiр қара сөз емес қой. Өзiмнiң тым ақкөңiл екенiмдi де сеземiн. Адамдарды аса жақсы көремiн. Маған сенсең, менi жек көретiн адам жоқ сияқты. Бiрақ бажайлап қарасаң, менi көрсе, қабағын ашпайтын азаматтар да бар. Ал мен өзiм өмiрде «бiр адамға болмасын, толмасын» деген пиғылда болып көрген емеспiн.

Сiздiң өлеңдерiңiзге «Вальс королi» атанған Шəмшi Қалдаяқовтан бастап, бүгiнгi жас сазгерлерге дейiн əн жазды. Сонда əн мəтiнiн жазып берудi сазгерлердiң өздерi сұрай ма, əлде ұсыныс Сiзден болады ма?

– Мен өмiрiмде бiр сазгерге барып: «Менiң өлеңiме əн жа-зып бер» деп айтқан емеспiн. Шəмшiнiң «Бақыт құшағында», «Əнiм сен едiң» деген əндер өзiнiң тапсырысы. Ол əндерiн дайындап алып келдi. Маған бiрнеше рет орындап бердi. Тақырыпты бiлiп алған соң онымен бiрге толғанып отырып жаздым. Менiң «Əн аясында» деген шағын кiтабым бар. Сонда бəрi жазылған. Қазақтың атақты сазгерi Нұрғиса Тiлендиев те маған əн мəтiнiн жазғызғысы келсе, шақырып алатын. Сөйтiп жаңа əнiн күйсандықта орындайтын. Мен тапсырысын дереу жазып беретiнмiн. Көп сазгерлер өлеңдердi менiң жинағымнан өздерi таңдап алады.

Осы уақытқа дейiн неше өлеңiңiзге əн жазылды?

– Егер қателеспесем, 500-ден аса өлеңiме əн жазылыпты. Оның көбiсiн əуесқой сазгерлер шығарыпты. Жалпы, мен «Əуесқой» деген сөздi ұната бермеймiн.

Белгiлi сазгер Ержан БелғозиевСiздiң күйеубалаңыз. Екi жас бiрiн-бiрi өздерi тапты ма, əлде ептi жеңгейлер араға түсiп, араласты ма?

– Олар бiр-бiрiн өздерi тауыпты. Бiр күнi қызым Ержан-ды ертiп келiп, бiзге таныстырды. Ол кезде əлi сазгер емес едi. Негiзi, оның мамандығы – құрылысшы-инженер. Бiрақ сол кездiң өзiнде гитараны жақсы тартатын. Сөйтiп жүрiп əн шығарды. Алғашқы «Бауырды сағыну» деген əнiне мəтiндi мен жазып бердiм. Ол бiр ғаламат дүние болып шықты. Сосын мен: «Шырағым, əн туса, маған айт, сөзiн жазып берiп тұрайын. Немесе менiң жинақтарымды оқып көр. Бəлкiм, соның iшiнен сенiң көңiлiңнен шығатын өлеңдер табылып қалар» дедiм. Мысалы, «Ғашық жүрек қайда апарып соғасың?» деген əнiнiң мəтiнiн менiң кiтабымнан алып жазған. Кейде өзi келiп: «Аға, мен əн жазып едiм» дейдi. Ол менi «Аға» деп атайды. Сосын екеумiз түннiң бiр уағына дейiн отырып, əн жазамыз. Көбiне ол мен төсекке жатар кезде келедi. Өз балаң болса, қуып жiбересiң ғой. Қанша дегенмен күйеубалаң. Мұхаммед пайғамбар да күйеубаласын сыйлаған емес пе?!

– «Құстар қайтып барады» атты шығармашылық кеш өткiзгелi отыр екенсiз. Бұл өнер мерекесiн өткiзудегi мақсатыңыз не?

– Бұл əн кешiн өткiзудегi негiзгi мақсатым – елдiң алдына шығып, есеп беру. Əнсүйер қауымның жүрегiн тербеу. Осы мерейлi мерекемнiң, көптен күткен өнер кешiмнiң шымылдығын «Ермек Серкебаев ағамыз ашып бере ме?» деген үмiттемiз. Одан басқа, қазақтың əйгiлi əншiлерi Нұрғали Нүсiпжанов, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнiсовалар қатысып, əн салады. Ал кештiң қалай өтерiне бiрiншi уақыт төрешi. Оған əн сүйер қауым куə болар деген ойдамын. Осы кеште орындалатын бiраз əндердiң авторлары бұл өмiрден озып кеттi. Ол əндер əкесi жоқ сəбилер сияқты ғой. Əсiресе, сол əндер халықтың жүрегiне жетсе екен деп тiлеймiн.

Əңгімеңізге рақмет

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, «Ағынан жарылсақ» 

Бөлісу: