ТƏҢІРҚҰТТЫҢ ƏМІРІНДЕГІ ҮЙСІНДЕР

21 Тамыз 2014, 09:24

ТƏҢІРҚҰТТЫҢ ƏМІРІНДЕГІ ҮЙСІНДЕР

Тəуелсіздіктен айрылған үйсіндер Ғұн қағанатының қоластындағы бір бау (хандық) санатында 20 неше жыл өмір сүреді. Мұның денінде тəңірқұт тікелей басқарып, Бөжей жабғы сықылдылар атқарушы ретінде болған шығар. Жылнама- лар бұл туралы нақты сөзден аттап кетеді. Үйсіндердің тəңірқұт қоластындағы күйі жайлы бергі пайымдаулар былай:

1. Құл тайпа болған. Уаң Биңхуа, т. б. ғалымдардың, Мөде тəңірқұт тұсында, “Үйсін іс жүзінде ғұндарға тəуелді болды. Шаруашылық тарапта алым-салық төлеу, көпшір тапсыру, саяси тарапта бағыну, əскери тарапта бұйрықты қабылдау сияқты зорлықты борыштарды өтеді. Мəні жағынан алғанда тұтас тайпа бойынша ғұндардың құлы болды” дегенінің жаны бар. Ол заманда бағындырушының бағынушыға байланысының басқаша -сыйласымды, құрметтеулі, жанашырлы, тең күйде болуы мүмкін емес. Ондайды бүгінде де толық жүзеге асыру қиын болып отыр. Уаң Биңхуаларға қоса кетеріміз - біріншіден, бұл байланыс, Уаң Биңхуалар айтқандай Мөде кезінде ғана емес, кейінгі Леузаң (Лаушаң,) тəңірқұттар заманында да жалғасын тапты. Хəн əулетімен соғыс өршіген сайын бауларға түскен жүк те ерепайсыз ауырлай берді. 20 неше жылдан соң үйсіндердің Ғұн қағанатына бағынбауға қарай беттеуіндегі көп себептің бірі де осында тұр. Алайда амалды елбасылары - Мөде мен Леузаң тəңірқұттар Үйсін күшінен шебер де толық пайдаланған, ал көреген көсем Елжау да бұл барыста өз есесін ұтымды ескерген көрінеді.

2. Тəңірқұт үйсіндерді “өз қоластындағы жуас та адал ел қылудың” амалын əу бастан келістіре ойластырған.

Бұған жау жағынан ордасы күйретілгеннен соңғы Үйсін ахуалы ретіндегі мына дерек мықты мысал. Оның бірінде: “Жаңа туған нəресте күнби иен далада қалыпты. Кейін көрсе, ет тістеген қарғалар оның үстінен шырылдап ұшады екен. Көкқұртқа келіп оны емізіп тұрады екен. Бұған қайран қалған тəңірқұт, оны киелі бала екен деп, өз қолында бағып ержеткізіпті”  делінген.

Бұл арадағы мыналардың қайсысына тоқтау ми жүгіртуді талап қылады:

А. Дəл сондай (сəби иенде қалған, құс пен бөрі оны баққан) ахуал табиғи да шын болған іс.

Ə. Ол ахуал болған, бірақ оны біреу (мысалы Бөжей) əдейі қолдан жасаған.

Б. Тіпті қолдан да жасамаған. Тек сондай болды деп сөз таратқан жəне оны тəңірқұтқа жеткізген.

В. Ахуалды (мейлі қолдан жасалсын немесе табиғи да шын болсын)тəңірқұт көзімен көрген.

Бұл деректі Бəнгу “Жаңа туған нəресте күнбиді аталық (абыз көке) Бөжей (Бозоқ - С. Ж. ) ябғұ (жабғы, лиңхоу  С. Ж. ) қалың шөптің арасына апарып жасырып қойыпты. Бөжей оған азық алып қайтып келсе, оны көк құртқа емізіп жатыр екен, ет тістеген қарғалар оны төңіректей ұшып жүріпті. Ол мұны киенің құдіретіне жорыпты. Сонан нəрестені көтеріп барып Ғұнға бағыныпты. Тəңірқұт бұл баланы жақсы көріп, өз қамқорлығына алып ержеткізіпті”  деп тіптітолықтай түседі.

Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы"

Бөлісу: