Түгел Түркінің тарихын зерттеуге арналған І Халықаралық экспедиция сәтті аяқталды

21 Тамыз 2015, 12:35

Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы, Қатон-Қарағай ауданындағы Қарақаба жазығында І Халықаралық экспедициясы өз мәресіне жетті

Кеше, яғни 20 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысы, Қатон-Қарағай ауданындағы Қарақаба жазығында Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған І Халықаралық экспедиция өз мәресіне жетті. 

Халықаралық экспедицияға Әзербайжанның археология және этнография институтынан, Татарстан Ғылым академиясы А.Х.Халиков атындағы археология институтынан, Түркия Үкіметінің халықаралық ынтымақтастық және даму агенттігінен, А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінен және Манас атындағы қырғыз-түрік университетінен басшылар мен жетекші-мамандар қатысты. 

Еске сала кетейік, бұл Халықаралық Түркі академиясы тарапынан жүргізілген екінші археологиялық қазба жұмыстары. Академия басшысы Д.Қыдырәлінің айтуынша, бұл халықаралық экспедиция дәстүрлі түрде өткізілетін болады. 2016 жылғы экспедиция Бумын, Білге қағандар билік құрып, Күлтегіннің ізі қалған Монғолия аумағында ұйымдастырылады деп күтілуде. Сондай-ақ, келешекте экспедицияны түркілердің табаны тиген Ресей, Венгрия, Иран, Үндістан, Мысыр, Қытай және басқа жерлерде жалғастыру жоспарланып отыр.


Дәурен Омаров

Бөлісу: