Сырым Шәріпханов Ұлттық еріктілер желісінің өкілдерімен кездесті

15 Тамыз 2023, 23:37 1096

Кездесу барысында ТЖ алдын алу және жою саласындағы волонтерлікті дамыту, ТЖ салдарын жою кезінде өзара іс-қимыл алгоритмдерін әзірлеу, ТЖ саласындағы Волонтерлердің республикалық форумын өткізу, сондай-ақ волонтерлік корпустың «Қауіпсіздік мәдениеті» жобасына қатысу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, министр мектептерде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс істеу үшін ТЖМ қызметкерлері мен еріктілерді тарту қажеттілігіне назар аударды. «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк бір жыл ішінде еріктілер қатысқан ТЖМ-мен бірлескен жобалар туралы айтып, халыққа ТЖ салдарын жоюға барынша көмек көрсетті, ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.

Сонымен қатар министр ТЖ кезіндегі мінез-құлық білімін насихаттау және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көп қабатты тұрғын үй кешендеріндегі ықтимал өрттер кезінде халықтың іс-қимылын пысықтау жөніндегі жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар етті.

Сырым Шәріпханов Ұлттық еріктілер желісі өкілдерін қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жөніндегі ТЖМ қозғалысына қосылуға шақырды.

Министр сондай-ақ ТЖМ-нің ауқымды жұмыс жоспарын әзірлеу және алдағы уақытта оны өскелең ұрпақпен іске асыру туралы хабардар етті. Осылайша, ТЖМ халықты қауіпсіздік шараларына, атап айтқанда, өскелең ұрпақты оқытуға барынша күш салады. ТЖМ төтенше жағдайларды жоюдан олардың алдын алуға бағыт алады.

Перизат Саденова
Бөлісу: