Сыртқы істер министрі Түрікменстан Елшісін қабылдады

25 Ақпан, 23:27 1445

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түрікменстанның Қазақстандағы Елшісі Батыр Реджеповті қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, транзит-көліктік және энергетикалық салалардағы қазақ-түрікмен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды. Биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ  биыл екіжақты және көпжақты форматтарда жоспарланған іс-шаралар кестесі қаралды.

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанның Түрікменстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге мүдделілігін атап өтті.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: