Сыртқы істер министрі Қазақстандағы АҚШ елшісін қабылдады

Бүгiн, 05:30 219

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу дипломатиялық миссияның аяқталуына орай Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан СІМ қазақ-америкалық ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту маңыздылығын атап өтті. Ал АҚШ Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы барысында үнемі қолдау көрсетілгені үшін шексіз алғысын білдірді. Сондай-ақ ол Қазақстанмен өзара құрмет пен сенім рухында ынтымақтастықты нығайтуға АҚШ бейілділігін ерекше атап өтті.

Кездесу соңында Мұрат Нұртілеу АҚШ Елшісіне Қазақстандағы жұмысы барысында екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесін атап, Алғыс хат табыс етті.

Асқар Таудай
Бөлісу: