"Сыған болып кеттім". Дариға Бадықова танымал әншілерге өкпесін жеткізді

14 Қараша 2023, 13:48 2513

Жақында белгілі актриса Дариға Бадықованың “Таптым-ау, сені” атты фильмі жарық көрмек. Актриса фильмге саундтрек іздеп, әншілерге хабарласа алмағанын жеткізді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

“Саундтрек жаздырарда сыған болып кеттім. Хабарласпаған композитор, сазгерім жоқ. Қазіргі таңда композиторлар ән шығармайды, шығарған күннің өзінде, өзі айтып кететін болып жүр. Фильм барысында Олжас екеуміздің эмоцияға берілетін сахнамыз бар. Сол картинаға лирикалық музыка керек болды. Қазыбек Құрайыштың “Таптым-ау, сені” әнінің мелодиясын қоюды ойладық. Рұқсатын алмақ болып хабарласқанымызда мүлдем жауапсыз қалдырды. Көмекшісі арқылы да шықтық. 28 секундтық жерге әнінің мелодиясын алу үшін қанша күн рұқсатын ала алмай жүрдік. Бір күні “бере алмаймын” деген жауап келді. Мен оны сатып алуға да дайын болдым. Тегін берсе рақметім де болатын еді. Бірақ рұқсатын бермегесін қоя салдық, - дейді актриса.

Ал Калифарния әнін беретіні үшін 1 млн теңге сұраған.

Содан кейін Калифарнияның да бір әнінің мелодиясын қосқымыз келді. Ол бір миллион теңгеге сатамын деді. 15 секундтық музыкаға бір миллион теңге төлей алмайтынымды айттым. Қалталы продюсер емеспін. Бірақ екі інім әндерін бергенде жақсы мейрамханадан болса да тамақтандырып, рақметімді айтатын едім, – дейді актриса. 

Қазір хит болған “Сезім үшін” әнінің алғашқы орындаушысы Ғазизхан Шекербекұлы тегін берген көрінеді. 

Ғазизханға хабарласып әнін сұраған едік, тегін бере салды. “Киноңызға қосқан үлесім болсын” деді. Әнге жаңа тыныс бергендейміз, – деді өнер иесі. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: