"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті дамыту" тақырыбында форум өтіп жатыр

31 Наурыз 2023, 13:47 943

Форумда жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін құрудың халықаралық тәжірибесі мен ұлттық тәжірибесі таныстырылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің негізгі мақсаты - квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу болып табылады.

Халықаралық және қазақстандық сарапшылармен бірлесіп, Қазақстандағы осы институттың проблемалық мәселелері мен даму перспективасы талқыланатын болады.

EL.KZ
Бөлісу: