Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2022-2026 жылдарға арналған саясат тұжырымдамасы бекітілді

13 Ақпан 2023, 11:31 2109

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын бекітті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі баспасөз брифингінде айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын бекітті. Оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында 2023 жылы Құқық қорғау және сот органдарында парасаттылықты немесе Integrity check тексеруді енгізу тетігін әзірлеу көзделген.

ІІМ алқасында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ішкі істер органдарының қызметкерлерін парасаттылыққа тексерудің пилоттық жобасының іске қосылғаны туралы хабарлады.

Ведомствода полиция қызметкерлерінің жұмысындағы күнделікті жағдайларға барынша жақын тексеру іс-шараларының кейстері, оларға ден қою нұсқалары және тексерілетін адамдардың іс-әрекеттерін бағалау критерийлері әзірленді. Бастапқы кезеңде азаматтармен қарым-қатынаста ізгі ниеттілігі, әдептілігі және қызметкерлердің олардың өтініштеріне жедел әрекет ету қабілетін тексеруге баса назар аударылды.

Астана, Алматы қалалары және Алматы, Қарағанды, Павлодар, Жетісу облыстарында полицияда тексерулер жүргізілді. Жоба іске қосылған сәттен бастап, қысқа мерзімге қарамастан, тексеру нәтижелері өз тиімділігін көрсетті. Елімізде бір апта ішінде 2907 қылмыс жасалды, оның 1818 тәулік ішінде ашылды.

Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 31 тонау және 407 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: