«Свой дом» қаржы пирамидасын құрған шымкенттік алаяқтар сотталды

4 Қаңтар, 12:06 1381

Шымкентте «Свой дом» қаржы пирамидасының басшыларына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Свой дом» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Шымкент қ. бойынша департаменті аяқтады. Тергеу барысында салымшылардың баюы басқалардың жарналары есебінен жүзеге асырылатын қаражат жинау схемасы анықталды.

Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға енгізілген сомадан 40% пайда алуға уәде берді. Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды, салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгені құрайды. Сот үкімімен бұл тұлғалар кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертеміз.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: