Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді, - деп жазды Ерлан Қарин Facebook парақшасында.
Айта кетейік, «Беташар» — қазақ халқының маңызды әрі ерекше дәстүрлерінің бірі. Салт жаңа түскен келінді әулетке таныстыру мақсатында жасалады. Бұл салт үйлену тойының ажырамас бөлігі және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.