Әлеуметтік желіде отандық әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаеваның ана атанғаны туралы ақпарат желдей есті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесінің оқырмандары оның жеке парақшасындағы суретінің астына ақ тілектерін жаудырып жатыр.
«Бөпеңіздің бауы берік болсын!», «Мен де естідім, біздің Ақтөбеде енесімен тұрып жатыр екен. Босанған шығар», «Қырқынан шықты», - деп жазды көпшілік.
Ақпаратты журналист Анна Данченко да бөлісіп, сәбидің жынысын айтты.
Ал сүйінші! Сүйікті әнші қыздарыңыз Кәмшат Жолдыбаева қызды болды. Бауы берік болсын! Жұғысты болсын! - деді ол.