«Сүйегі шығып кетіпті». Сәкен Майғазиев жол апатынан кейінгі жағдайын айтты

15 Қараша 2023, 15:14 1526

Есімі елге белгілі әнші Сәкен Майғазиев жол апатына түскеніне бір ай болғанда денсаулығы сыр бере бастаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткендегі жол апатынан кейін бір ай бойы шыдап жүре берген едім. Кеше шыдамай кеткен соң бір сынықшыға барсам, сүйегі шығып кетіпті. Шыбығы тайып, жүйке тамыры қысылып қалған шығар деп ойлап едім. Олай емес екен, – деп жазды әнші Instagram парақшасына.

Оның айтуынша, сүйек орнына түспейінше салмақ салмауы керек, себебі сынған сүйектің орнына су жиналып қалған көрінеді. 

Сынықшы сүйекті орнына салып жатқанда жаным көзіме көрінді. Мүздай тер бұрқ етті. Сүйек орнына келгенше ауыр көтеруге болмайды, - дейді ол.

Еске сала кетейік, Сәкен Майғазиев қазан айында Сарыағашқа барар жолда апатқа ұшыраған еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: