Сусындарға есірткі қосу қаупі: полиция азаматтарға үндеу жасады

Кеше, 19:36 165

ІІМ соңғы жыл ішінде елімізде 8 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство дерегінше, олардың ішінде сусындарға есірткі заттарын араластыру жағдайлары жиі кездеседі.

Мұндай қылмыстардың құрбандары дәрменсіз күйге түсіп, тонау, зорлық-зомбылық және басқа да қауіп-қатерлерге ұшырауы мүмкін. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін полиция сұйықтықтағы есірткіні анықтайтын экспресс-тесттерді қолдануды ұсынады. Бұл шағын әрі қолдануға оңай жолақтарды дәріханалардан сатып алуға болады: олар бар болғаны бір минут ішінде қауіпті заттардың бар-жоғын анықтауға көмектеседі, - делінген мәліметте.

Полиция бұл әдіс өміріңізді сақтап қалуға септігін тигізетінін ескертеді. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: