«Суретті көріп зәрем ұшты...»: Сәкен Майғазиевтің жазбасы көпшілікті ойландырып қойды

10 Қаңтар, 11:14 3851

Танымал әнші, «МузАРТ» тобының солисі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Адамдардың бірін бірі жамандағаны (әлеуметтік желілер арқылы) қандай жиіркенішті. Қояйықшы, а! Осындайда марқұм Серік Қалиев ағамыздың «Кейде әділ қазылар біреуге баға беріп отырып, өзіне баға беріп отырғанын байқамайды» дегені еріксіз есіңе түседі, - деп жазды ол.

Осыдан соң оқырман әншінің жазбасына қарап түрлі пікір жаза бастаған. Өнер иесін кім ренжіткені жайлы да болжам жасай бастаған.

«Сәкен аға, сізді кім жамандаған», «Сәкен бауырым, көңіліңе алма...», «Ит үреді көш жүреді, үрген итке мән бермеңіз», «Ақ-қара түсті суретті көріп зәрем ұшты...», - деп жазған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Уайымдап қалған оқырманына басу айту үшін әнші қайта пост жариялап, бұған дейінгі мәтіннің өзіне еш қатысы жоқ екенін түсіндірді.

Сыртымнан тон пішетін, кездескенде бетіме ештеңе айта алмайтындардың әрекеттерін көтеретін иммунитет бар менде, Құдайға шүкір. Күле қарауды үйреніп алдым. Айтқым келгені басқа. Бір ағамыз: «Ұлы тұлғалармен жақын танысып, етене араласуға қорқам. Неге десеңіз, оның пенделігін көріп қоям...», - деп еді. Замандас, әріптес, сапарлас, дәмдес болған, ақыл тоқтатқан адамдардың әлеуметтік желі арқылы бір-бірі туралы өсек айтып, қаралай кететіні не сән?! Соңғы кезде қатты белең алып бара жатқан жағымсыз көрініс. Соңғы кездері бір бірімізге айдап салып, отқа май құйып, әсіресе, қартаң кісілердің тілінен тартып, ғайбат айтқызуға өзіміз мәжбүрлеп жүрміз, – деп жазды әнші.

Сәкен Майғазиев мұндай ғайбат сөздер еліміздің болашағына еш пайдасы жоқ екенін айтып, тиісінше ондайдан аулақ болуға шақырды. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: