Суретшілер одағының 90 жылдығы: Алматыда халықаралық мерейтойлық көрме ашылды

7 Қараша 2023, 23:40 1080

Алматыда Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының 90 жылдығына арналған халықаралық мерейтойлық көрме ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көрмеге өңірлерден келген 250-ден астам кәсіби қазақстандық суретшінің, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Әзербайжан, Беларусь, Бурят, Литва, Тәжікстан, Украина және Молдова суретшілерінің туындылары қойылды.

Сонымен қатар көрмеде заманауи өнердің барлық жанрлары мен стильдері, әр түрлі көркемдік қозғалыстардың тоғысында жасалған, сапалы жаңа шығармашылық жаңалықтар мен жаңа пластикалық мүмкіндіктер бар туындылар ұсынылған.

Бұл көрме Қазақстандағы кескіндеме, графика, мүсін және сәндік-қолданбалы өнердің кәсіби форумы болып табылады.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі және Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы ұйымдастырды.

Перизат Саденова
Бөлісу: