Суретке тілін шығарып түскен Мадина Сәдуақасова сынның астында қалды

15 Қаңтар, 15:41 8754

Отандық әнші Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желіде сурет жариялаймын деп тағы көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қысқы демалысын отбасымен бірге Таиландта өткізген өнер иесі тілін шығарып тұрған суретін салып, оқырманынан сөз естіді.

2024-ке күш алып алдық. Таиландта +36 градус ыстықта күйдік. Андаман теңізінің тұзды суы, SPA, смузи, шырын. Рахмет саған, Тай! Жоспар көп, жұмыс көп. Жаңа күшпен жаңа дүниелер бастаймыз, - деп Instagram-да жазба қалдырды.

Оқи отырыңыз:

Әншінің тілін шығарғаны көпшілікке ұнамай қалса керек, бұл әрекеті жасына лайық еместігін жазып жатқандар көп.

«Тіліңізді шығарғаныңыз болмады. Ұят екен», «Елуге тағаған әйелдің тілін шығарып тұрғаны ұят екен», «Жарасатын қылық жасашы», «Тіл көрсеткен ерсілеу көрінеді екен», - деп жазуда көпшілік.

Бұған дейін қыздарға ақыл айтқан Қарақат Әбілдинаның сөздері желіде қызу талқыланғанын жазғанбыз

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: