Шығыстың көрікті орындары

21 Сәуір 2017, 16:42 20239

Шұғылалы Шығыстың табиғаты

Қазақстандағы табиғат көркемдігімен ерекшеленетін бірден бір өңір – Шығыс Қазақстан облысы. Бұл аймақтың табиғаты талайды тамсандырып, саяхатшылардың жүрегін жаулаған. Сонымен, бұл қандай жерлер екен?

Мұзтау тауы 

Бұл тау – Сібір мен Алтайдың ең биік шыңы (4506 м). Мұзтауға апаратын ең қысқа жол Катунның оң жақ сағасымен, одан кейін Аккем өзенімен жоғары (немесе Көшірлі ауылы арқылы 1513 метрлік жалғызаяқ жолмен, Аккем өзеніне дейін). Аккем өзенінен Төменгі Аккем өзеніне дейін шамамен 30 шақырым.

Марқакөл ұлттық саябағы

Мұнда Шығыс Қазақстан және Алтайдың ең әдемі көлдерінің бірі Марқакөл орналасқан. Көлдің негізгі байлығы лосось балығы – ускуч болып табылады. Мұндағы табиғат әсемдігімен ерекшеленеді. Марқакөл қорығының мақтанышы тек көл ғана емес, тұнық өзендер мен сарқыраған бұлақтар, сондай-ақ, қалың ормандар бойлап жатыр.

Кейін-Керіс 

Кейін-Керістегі сумен және желмен жайылған балшықтар, басқаша ашық пейзажға ұқсайды. Алыстан қызыл балшықты құздар мен Кейін-Керіс құлама жарлары лапылдап жанған от секілді көрініс береді, сол себепті оларды «Лапылдалған құздар» деп те атап жатады.

Язевое көлі

Көл Мұзтау жолына қарай жақын орналасқан. Көккөл сарқырамасы, теңіз бойынан 1685 метр биікте жатыр. Ұзындығы 3 шақырым, ені – 800 метр, ал тереңдігі 10 метр. Судың түсі – сарғыш-жасылдау, ал жағалауы құммен, галька, валундарымен құрылған.

Ақбауыр үңгірі

Ұлан ауданы, Бестерек ауылының солтүстігінен 3 шақырым жерде Ақбауыр тауының етегіне орын тепкен қола дәуірінің ескерткіші. Үңгірдің қабырғасында салынған суреттер біздің заманымыздан бұрыңғы үш мыңжылдықтың бас кезіне жатады. Төбесі қуыс тәріздес күркеге ұқсайтын үңгірдің кіре берісіне қарсы орналасқан суреттерге толы қабырға көп адам табынатын, киелі орын болған.

Берел қорымы 

Қатонқарағай ауданындағы Бұқтырма өзенінің оң жағалауында Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 – 8 шақырым жерде орналасқан сақ дәуірінен қалған тарихи ескерткіші. Мұндағы обалар Бұқтырма өзенінен 40-45 метр биік жатқан үшінші террассасында шоғырланған. 4000х1000 шаршы метр жерді алып жатқан қорым сақ және түркі кезеңдеріне жататын жетпістен аса обалардан құралған. 

Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазары

Махаббат символына айналған қос ғашықтың мазары табаны төрт бұрышты таған түрінде (сырт жағынан ауд. 7,10x7,10 метр, ішкі жағынан 3,38x3,38метр), жоғарыға сүйірленіп, қүмбезделіп келген. Биіктігі 12 метрге жақын. Қабырғасы гранит тастан сабан аралас балшықпен өрілген. Кірер есігі шығысқа қарап тұр.

Аблаинкит (қамал-шіркеу)

Ескерткіш Никитинка ауылы Ұлан ауданынан 15 шақырым жерде орналасқан. Зерттеулер бойынша бұл жер бес бұрышқа ұқсайды. Қабырға биіктігі 11/2 салынған болса, қорғаннын оң жағы кірпішпен сәнделген.

Абайдың мұражайы

Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы - Абайдың өмірі мен ақындық жолына байланысты материалдар жинақталған мәдени мекеме. Мұражайдың архитектуралық түрі сол қалпында сақталған. Мұнда Араб, Перс, Түрік, орыс тіліндегі кітаптар және бейне құжаттар және Абайдың замандағы экспонаттарымен қатар, әр елдегі 150 жылдың туралы бірнеше құжаттар бар.

Батыс-Алтай мемлекеттік қорығы

Батыс-Алтай мемлекеттiк қорығы 1992 жылы құрылған. Оның ауданы 56,3 мың га. Қорық Алтайдың қазақстандық бөлiгiнiң таулы жерлерiнде орналасқан: Ақ Оба өзенiнiң бастауындағы Линей, Холзын, Көксi және Иванов ауданы, Тұрғысын өзенiнiң құйылуындағы Қара Оба және Борсық жерлерi. Ақ Оба өзенiнiң бастауында 14 майда мұздықтар бар. Орман шекарасынан жоғары мұздан түзiлген майда тау көлдерi және жылғаларға бастама болатын батпақ орналасқан.

Шаған көлі

Шаған көлі – Қазақстандағы Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан жасанды көл. Шаған көлі 1965 жылы жасалған алғашқы кеңестік өнеркәсіптік термоядролық жарылыс нәтижесінде Балапан сынақ алаңында пайда болған. 

Мөлдір Дарханбаева
Бөлісу: