Суицидке итермеленгендер 9 жылға дейін сотталады

21 Ақпан, 12:14 643

Мәжіліс депутаттары әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң аясында суицидке итермелегендердің жазасы қатаңдатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Суицидке итермелегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Суицидтің алдын алу мақсатымен өзін-өзі өлтіру немесе оған итермелегені үшін 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылады.

Суицидті насихаттағаны үшін 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаңа қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Сонымен қатар кәмелетке толмаған баланы қорқыту және кибербуллинг үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі (10 АЕК айыппұл салынады).

Миражан Махан
Бөлісу: