Суицидке апаратын контент: Прокуратура ата-аналарға ескерту жасады

3 Қазан, 16:21 439

Бас Прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының прокурорлары күйзелістік контенті бар Telegram-арнасын бұғаттау шараларын қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру барысында 67 оқырман әкімшіліктен суицидке бағытталған рөлдік командалар алғаны анықталды.

2024 жылы 23 қыркүйекте сот, Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды. Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды.

Алматы прокуратурасы ата-аналарға интернетті қолдануда жауаптылықпен қараудың маңыздылығын еске салады, күдікті контент анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Айта кетейік, Бас прокурор балалар арасындағы суицидке қатысты тапсырма берген еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: