Суицид жасаған сарбаздың отбасына өтемақы берілмеуі мүмкін

12 Шілде 2022, 18:07 1135

Әскери қызметшілерге өтемақы төлеу туралы нұсқаулық жобасы жарияланды

Қорғаныс министрлігі әскери қызмет өткеру кезеңінде әскери қызметші қайтыс болған жағдайда біржолғы өтемақы төлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірледі, деп хабарлайды El.kz

Құжатқа сәйкес, әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде немесе әскери міндетін орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төленеді.

Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Оны талқылау 26 шілдеге дейін жалғасады.


Бөлісу: