Суға батып бара жатқан баланы құтқарған жігіт оқиғаның мән-жайын айтты

11 Шілде, 15:54 958

Алматы облысы Талғар ауданында суға батып бара жатқан балақайды құтқарған қаһарманның есімі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті журналистер батыр жігітті тауып, оқиғаның мән-жайын сұрады.

Мен көпірден өтіп бара жатып, суға батып бара жатқан баланың жанында жүгіріп келе жатқан балаларды байқадым. Олар оған көмектесе алмай тек айқайлап келе жатты. Мен тез жүгіріп, оны судан шығардым. Бала су жұтып алған, кішкене қорқып қалған. Судан шығарғаннан кейін, ол өз-өзіне келген соң достарымен кетіп қалды. Өзімді батырмын деп санамаймын. Менің орнымда кім болса да көмектеседі деген ойдамын, – деді ол.

Серік 28 жаста, жүк тасымалымен айналысады.

Талғар ауданының әкімдігі өз кезегінде батырдың назардан тыс қалмайтынын мәлімдеді. Әкім ризашылық білдіру үшін онымен кездесу өткізеді.

Айтай кетейік, әлеуметтік желілерде үлкен Алматы каналында суға батып бара жатқан баланың видеосы тарады. Оған кездейсоқ өтіп бара жатқан адам көмекке келіп, балақайды судан аман алып шықты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: