Судья Қуандық Бишімбаевтың телефонын тексеретін болды

22 Сәуір, 15:09 4672

Судья Айжан Құлбаева айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың телефонының құпия сөзін алды. Судья телефонды тексеруді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірақ жәбірленушілер жағы телефонның IMEI нөмірлерін тексеруді талап етеді. Сондай-ақ адвокат Игорь Вранчев қорғаушы тарап телефоннан кейбір дәлелдерді өшіріп тастауы мүмкін деп санайды. Нәтижесінде Бишімбаевтың iPhone телефоны (және оның құпия сөзі) прокуратураға берілді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: