Судья Бишімбаевтың екі адвокатын сот залына кіргізбей қойды

11 Сәуір, 10:10 13956

Судья Айжан Кульбаева Қуандық Бишімбаевтың сот отырысында екі адвокатты сот залына кіргізбей қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов жалғыз өзі қатысып отыр. Адвокат Лейла Рамазанова мен Назкен Құсайынова сотқа кешігіп келген.

Бұған дейінгі сот отырыстарында сотқа кешігіп келуге болмайтыны бірнеше рет ескертілген болатын. Сот отырысы 9.30-да басталатынын біле тұра қорғаушылар кешігіп келді. Сондықтан олар сот залына кіре алмайды. Үзіліс жарияланған кезде олар сотқа қосыла алады, - дейді судья. 

Айта кетейік, 10 сәуірде өткен сот отырысында адвокат Назкен Құсайынова судьядан бүгінгі отырысты сағат 10.00-ге ауыстыруға рұқсат сұрап, тағы бір процеске қатысатынын түсіндірді. Судья оның өтінішін қабылдаудан бас тартты.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: