Суданнан Қазақстанның үш азаматы эвакуацияланды

24 Сәуір 2023, 17:07 1128

Суданда қарулы қақтығыс жүріп жатқанына бір аптадан асты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы орайда сол елде жұмыс істеп жүрген Қазақстанның үш азаматы эвакуацияланды. Бұл туралы ҚР СІМ өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

БҰҰ филиалында жұмыс істейтін қазақстандық әйел Эфиопияға аттанған. Ал жапон компаниясында жұмыс істейтін жерлесімізді аталған компания эвакуациялаған.

Судандағы қарулы қақтығыс бүгінде армия генералдарының текетіресіне ұласты. Салдарынан қаза тапқандар саны күннен-күнге артып келеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: