Суданда қақтығыстан қаза тапқандар саны 676 адамға жетті

15 Мамыр 2023, 00:15 792

Судан әскері мен жедел әрекет ету күштері (арнайы күштер) арасындағы қақтығыстар салдарынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 676-ға жетті, 5575-тен астам адам жарақат алды, деп жазады El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы БҰҰ деректеріне сілтеме жасай отырып Al Arabiya телеарнасы хабарлады.

Судандағы қақтығыстардан қаза тапқандар саны 676-ға дейін өсті, 5575-тен астамы жарақат алды, - деп хабарлады телеарна.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қақтығыстан 604 адам құрбан болғанын және бейбіт тұрғындар арасында 5 мыңнан астам адам зардап шеккенін хабарлаған болатын.

Берік Арманов
Бөлісу: