Суданның Омдурман қаласындағы базарға жасалған артиллериялық соққыдан 54 адам қаза тауып, тағы 158 адам жараланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып The Guardian басылымы жазады.
Медициналық мекемелер 158 адамның жарақатпен келгенін және 54 адамның қаза тапқанын растады. Денсаулық сақтау министрлігі Жедел әрекет ету күштерінің (ЖӘК) бейбіт тұрғындарға үздіксіз шабуыл жасауын айыптайды, бұл халықаралық нормалар мен заңдардың бұзылуы екенін атап көрсетеді, – делінген мәлімдемеде.
Министрлік Аль-Ну және Саваид ауруханаларындағы дәрігерлерге жараланғандар мен қаза тапқандарды қабылдағаны үшін алғыс білдірді.
Sudan: 54 Killed in Paramilitary Group's Attack On Open Market | What Is History Of Bloody Attacks?#Sudan #Sudan_War_Updates https://t.co/xQRyAiWWKO
— Ajeet Kumar (@Ajeet1994) February 1, 2025