Суданда әскери қақтығыстардан көз жұмған бейбіт тұрғындар саны 459-ға жетті

25 Сәуір 2023, 20:19 667

Суданда армия мен жедел әрекет ету күштері (арнайы күштер) арасындағы қақтығыстардан қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 459-ға жетті, тағы 4075 адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) өкіліне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қақтығыстардан 459 адам қаза тапты, 4075 адам жараланды, бұл сан әлі артатыны түсінікті, - деді ұйым өкілі.

Бұған дейін Қазақстан азаматтары Суданнан эвакуацияланғанын жазғанбыз.

Судандағы армия мен жедел әрекет ету күштері арасындағы қақтығыс осымен екінші апта бойы жалғасып жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: