Судан Қарулы күштері мен жедел әрекет ету күштері (ҚББ) арасындағы қақтығыстар кезінде 602 адам қаза тауып, 5127 адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы БҰҰ-ның баспасөз хатшысы Тарик Жазаревич ұйымның Женевадағы брифингінде мәлімдеді.
Суданның Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, Судандағы қақтығыс кезінде 602 адам қаза тауып, 5127 адам жараланды, - деді ол.
ДДСҰ өкілі қақтығыс басталғалы бері медициналық мекемелерге 28 рет шабуыл жасалғанын растады.