Суда шомылудың 20 ережесі

19 Шілде 2017, 10:54 9221

Керек кеңес

Балалар тек ата-анасының қарауымен шомылуы тиіс.

Құтқарушылар күзететін жағажайларда ғана суға түсуге кеңес береміз.

«Шомылуға тыйым салынады» деген ескертпесі бар жерде ешқашан шомылмаңыз.

Ата-анасының қарауынсыз балаларға суға түсуге және жағасында ойнауға болмайды.

Балардың ыстығы көтеріліп, сырқаттанып тұрғанда суға түсірмеңіз.

Балаларды тек 30 минут шомылдырыңыз, салқын су болса 5-7 минут жеткілікті.

Тойып тамақтанып алып суға түспеңіз, 30-40 минут күткеніңіз абзал. Екі сағаттан соң түссеңіз, тіпіті керемет.

Балаңыз суда жүзу спортымен айналысатын болса да, терең жерлерде шомылуға рұқсат бермеңіз.

Көпірдің үсті тағы сол сияқты сүңгуге арналмаған жерлерден секірмеңіз.

Сүңгігенде өкпеден ауа шығармағаныңыз дұрыс.

Дөңес жерлерге секіріп жүрмеңіз. Шомылатын жеріңіздің қыр-сырын толық біліп алғаныңыз дұрыс.

Басқа адамдардың шомылуына кедергі келтіріп, суда ойын ойнауға мүлде болмайды.

Суға сүңгіп, бөтен біреудің аяғынан тартпаңыз, ол сізді байқаусыздан жарақаттауы мүмкін.

Ыстық ауа-райында суға арналған бас киімдермен шомылғаныңыз дұрыс.

Дауыл мен толқынды күні шомылмаңыз.

Суға жүзуге арналған құрылғылардың жарамды екеніне көз жеткізіңіз (әсіресе, балаңызға берерде мұқият тексеріңіз).

Арнайы қызыл жалаушалармен белгеленген жерлерге суда жүзуге арналған құрылғылармен бармаңыз.

 Дауылды, толқынды күні суға жүзуге арналған құрылғыларды мүлде пайдалануға болмайды.

Балаңыз суға тұншығып қалса, оның дұрыс жөтеліп, жұтқан суын шығаруына көмектесіңіз.

Қайық, катамаран, су мотоциклдері секілді су көліктеріне жақындамаңыз.

Суға түсерде біздің ескертпемізге құлақ асыңыз!

Мөлдір Дарханбаева
Бөлісу: