«Субұрқаққа өзі түскен». Министр Алматыдағы абитуриенттің өлімі жайлы

21 Маусым, 10:25 1099

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы субұрқақта көз жұмған жасөспірім туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға сағат 16:00-де болды. Күн ыстық еді. Тыйым салынған белгінің орнатылуына қарамастан, ол субұрқаққа түскен. Онда екі бөлік бар, ол соның ішіне барған. Өлімге не себеп болғаны бүгін сот-медициналық сараптама қорытындысынан белгілі болады. Алдын ала болжам бойынша, оның жүрегі тоқтап қалған немесе тоқ соққан, - деді ол.

11 сынып оқушысы №185 мектепті бітірген. Қайғылы оқиға болған күні ол университетке ҰБТ тапсыруға келген. Бірақ жарық сөніп қалып, емтихандар кейінге қалдырылған.

Бұдан бөлек, министр ЖОО-ның жауапқа тартылуы мүмкіндігін жоққа шығармады.

Біз сот-медициналық сараптама қорытындысын күтуіміз керек. Бұл іспен Бостандық ауданының Полиция басқармасы айналысып жатыр. Сонан соң нәтиже шығарамыз, – деді Нұрбек.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: